Қарағандыдағы Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға қоғам мен еңбек ортасына белсенді араласуына көмектеседі.
Орталықта әлеуметтік қамсыздандыру, жеңілдіктер мен құқықтар бойынша тегін кеңес беріледі. Сонымен қатар жұмыс іздеуге, кәсіби бағдар алуға, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және мемлекеттік органдармен өзара жұмыс істеуге қолдау көрсетіледі.
Мұнда тренингтер, түрлі іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылып, мүгедектігі бар адамдардың қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласуына жағдай жасалады.
Жоба Qamqor Plus қоғамдық бірлестігінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылуда.