Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

0

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетпаевтың айтуынша, өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты. 2026 жылға ауыл шаруашылығы жануарларына 16,3 млн вакцинация және 5,3 млн диагностикалық іс-шара жүргізу жоспарланған. Жыл басынан бері 9,5 млн вакцинация, 3,8 млн диагностика бойынша жұмыстар орындалды.

Қазіргі таңда облыс аумағында жануарлар арасында аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ.

Биыл 1 327 694 бас төлді бірдейлендіріп, дерекқорға енгізу жоспарланған. Бүгінде 1 203 109 бас төл бірдейлендірілді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында 4 561 263 бас мал тіркелген.

Эндемиялық аймаққа жататын 42 елді мекенде көктемгі және күзгі кезеңдерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.