Меркі ауданында отбасылық кәсіпті береке мен табыстың бастауы етіп отырған жандардың бірі – кәсіпкер Минара Шамуратовна Дурсунова. Ол жақында «Рамадан» атты жартылай фабрикаттар цехын іске қосып, тұрғындарға күнделікті дастарханға қажетті түрлі өнімдерді ұсынып келеді. Кәсіптің ерекшелігі – мұнда тағамдардың басым бөлігі қолмен дайындалып, үй жағдайындағы дәстүрлі дәмді сақтауға басымдық беріледі., деп хабарлайды baq-orda.kz облыстық Знамя Туда газетіне сілтеме жасап.