Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 Жамбыл ауылдық кітапханасында «Жүректерді біріктірген мейірім» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Ерғат Тәжібаевпен тағылымды кездесу өтіп, қатысушылар мазмұнды сұхбат құрып, өмірлік тәжірибе мен адамгершілік құндылықтар туралы әсерлі әңгімелер тыңдады.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқырмандар арасында мейірімділік, ізгілік және өзара құрмет құндылықтарын дәріптеу, рухани-адамгершілік тәрбиеге бағытталған мазмұнды кездесулер өткізу.