📌 Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары суармалы жерлердің 36%-ын қамтиды
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін су ресурстарын үнемдеу және заманауи суару технологияларын кеңінен енгізу міндеттерін айқындады. Үкімет су ресурстарына түсетін жүктеменің артуына байланысты аграрлық секторда суды пайдалану тәсілдерін кезең-кезеңімен жетілдіріп, су ысырабының алдын алуға және суару тиімділігін арттыруға басымдық беріп келеді. Сонымен бір мезгілде шаруаларды қолдау шаралары күшейтіліп, ирригациялық инфрақұрылымдар жаңғыртылып, жабдықтардың отандық өндірісі дамуда.
💧 Су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті
Егер 2023 жылы заманауи суару жүйелері 237,1 мың гектар алқапта қолданылса, 2026 жылғы 1 қыркүйекте бұл көрсеткіш 702,3 мың гектарға жетті. Бұл – еліміздегі суармалы жердің 36%-ы. Тек 2026 жылдың басынан бері су үнемдеу технологиялары қосымша 158,8 мың гектарға енгізілді.
🌱 Тамшылатып суару алқабы шамамен алты есеге артты
Тамшылатып суару алқабының көлемі 2023 жылғы 42,5 мың гектардан биыл 254,3 мың гектарға дейін өсті. Сол кезеңде жаңбырлатып суару алқабы 188,3 мыңнан 379 мың гектарға дейін екі есеге артты.