18 қыркүйекте аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садыков өткізді, оның жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Депутаттар аудан әкімінің орынбасары Жұлдыз Бақаевтың Қордай ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебін тыңдады. Аудан әкімінің орынбасары атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты баяндама жасады. Сөз сөйлеген депутат Қарлығаш Қыпшақбаева аудан әкімінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жүргізіп жатқан жұмысын атап өтіп, оған оң баға берді. Депутаттар әріптесін қолдап, аудан әкімінің орынбасарының қызметін мақұлдады.
Бұдан әрі, Орман қоры жерлері категориясынан елді мекен жерлері категориясына ауыстыру жөнінде ұсыныс енгізу туралы мәселе қаралды, ол бойынша ақпаратты аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жандосұлы Нурмаханбетов ұсынды.
Сондай-ақ, сессияда «Қордай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілді.