БАЛАЛАРДЫҢ ЗОР БОЛАШАҒЫ ҮШІН

0

Қордай ауданында балалар спортын дамытуға және

салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Үлкен теннис – болашақ чемпиондар алаңы»  атты Baby Tennis фестивалі өтті.

Бұл маңызды іс-шара жаттықтырушы Марина Мартышеваның ұйымдастыруымен, сондай-ақ Жамбыл облыстық «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты жектекшісі Айман Ашимованың қолдауымен жүзеге асты.

Спорттық мерекеге 3–5 жас аралығындағы бүлдіршіндер, олардың ата-аналары мен балабақша тәрбиешілері белсене қатысты. Балғын спортшылар көңілді эстафеталар мен қызықты спорттық сайыстарда өнер көрсетіп, ерекше белсенділік танытты әрі жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты — балаларды ерте жастан спортқа баулу, олардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыру және ата-аналарды балаларымен бірлесіп спортпен айналысуға ынталандыру болып табылады.

Фестиваль барысында сөз алған Айман Серікқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұқаралық және балалар спортын дамыту, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын нығайту бағытындағы саясатына ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Жаңадан ашылған теннис алаңы аудан бүлдіршіндерінің үлкен спортқа жасаған алғашқы сәтті қадамы болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.