Тарихи-мәдени мұра – белгілі бір дәуірдің ғана емес, тұтас қоғамның тарихи жадын сақтайтын құндылық. Археологиялық ескерткіштер, көне қалашықтар, петроглифтер мен сәулет нысандары өткен кезеңдер туралы нақты дерек беріп, ұлттың тарихи санасын қалыптастыруға қызмет етеді.
Алайда мұндай нысандарды сақтау тек оларды анықтап, тізімге енгізумен шектелмейді. Ескерткіштің нақты орналасқан жері, аумағы мен құқықтық мәртебесі айқындалмайынша, оны ұзақ мерзімді қорғау тетігі де толық қалыптаспайды.