Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды басымдықтардың бірі.

0

Мемлекет басшысының жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес елімізде салаға инвестиция тарту, жаңа нысандар салу және қолданыстағы жобалардың қуатын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағыттағы оң динамика нақты көрсеткіштерден де байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі жаңартылатын энергия көздері объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 8,6 миллиард кВт/сағатқа жетіп, жалпы электр энергиясы өндірісінің 7 пайызын құрады. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 5,11 миллиард кВт/сағат немесе елдің жалпы энергия теңгерімінің 4,5 пайызы болған. Яғни, үш жыл ішінде жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі 1,7 еседен астам артқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.