1-4 қазан аралығында Халықаралық қарттар күніне орай «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі өтеді. «Әділет» партиясы ұйымдастырған бағдарлама аясында 3,5 мыңнан астам адам қатысатын 20 іс-шара жоспарланған.

0

​Фестивальдің мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен білімін жастарға жеткізу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та аға буынның қоғамдағы орнына, жастарға тәлім-тәрбие берудің және өмірлік тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына бірнеше рет тоқталған еді.

​Астанадағы «Жетісу» саябағында өткен орталық іс-шарада «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Ержан Жылқыбаев үлкенге құрмет мерекелік күндермен шектелмеуі тиіс екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.