«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

0

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиынға бизнес, салалық қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, компаниялардың дамуына кедергі келтіретін мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Орта бизнестің экономикадағы үлесін арттыру – негізгі міндеттердің бірі. Бұл мәселені бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген болатын. Президенттің айтуынша, әрбір кәсіпкер қолдау шаралары туралы толық біліп, оларды қалай алуға болатынын түсінуі керек. Сонда шағын бизнестің орта бизнес санатына өтуге ынтасы артады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.