Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 437–450 шақырым аралығындағы жаңартылған учаскесі пайдалануға берілді.
Жолдың ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
«Бұл жоба ең алдымен өңір тұрғындары үшін маңызды. Жаңартылған учаске жол бойындағы елді мекендер арасында қауіпсіз әрі жайлы қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл бағыт Катонқарағай ұлттық паркі мен Рахман қайнарына баратын туристер үшін де маңызды», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Жаңартылған жол учаскесі көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол жүру уақытын қысқартуға және көлік құралдарының тозуын азайтуға мүмкіндік береді.
Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары бағыты өңірдің әлеуметтік-экономикалық және туристік маңызы жоғары көлік дәліздерінің бірі саналады. Оның сапалы болуы елді мекендер арасындағы байланысты жақсартып қана қоймай.