Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу апталығы» аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мобильдік топ мүшелері жасөспірімдермен кездесіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге орталықтың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М. Сеитова, педагог-психолог О.С. Құманбаева және ауыл әкімінің орынбасары қатысып, жасөспірімдерге құқықтары мен міндеттері, жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық талаптары жөнінде ақпарат берді.
Құқықтық сауатты, жауапкершілігі жоғары жасөспірім қалыптастыру – қауіпсіз қоғамның маңызды негіздерінің бірі.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!