МАУСЫМДЫҚ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

0

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакцина Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларына жеткізілді. Қалған өңірлерге вакцинаны жеткізу аяқталуға таяу.

Вакцина жеткізілген медициналық ұйымдарда халықты иммундау жұмыстары басталды.

«Вакцинациялау науқанын өткізу үшін ресейлік өндірістің «Гриппол®️» вакцинасы сатып алынды. Оның штамдық құрамы алдағы эпидемиялық маусымға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді», делінген хабарламада.

Бірінші кезекте тұмауға және оның асқынуларына барынша осал халық топтарына тегін вакцинациялау жүргізу көзделген. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлері, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдар бар.

Қазан айы – сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі басталғанға дейін вакцинациялау жүргізу үшін оңтайлы кезең.

Leave A Reply

Your email address will not be published.