«Әділет Керуені» көшпелі қабылдаулары басталды

0

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары тұрғылықты жері бойынша медициналық, құқықтық және консультациялық тегін кеңес алды. «Әділет Керуені» партиялық акциясы аясында Күршім, Шемонаиха, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарында көшпелі қабылдаулар өтті. Алдағы уақытта осы жоба тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде жалғастыру жоспарланып отыр.

Көшпелі қабылдаулар барысында балаларға ерекше көңіл бөлінді. 40 балаға логопед-дефектолог, психолог, бейімделген дене шынықтыру маманы және педиатр кеңес берді. Тексеру қорытындысы бойынша қазан айында бес балаға тегін оңалту шаралары ұйымдастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.