Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында мемлекеттік бюджетің кіріс бөлігінің атқарылуы туралы баяндады.
Оның айтуынша, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру қамтамасыз етілді, өңірлерге және экономиканың нақты секторына қолдау көрсетілді. Бюджеттік түсімдердің өсуімен қатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және мемлекеттік шығыстарды бақылау үшін цифрлық құралдарды енгізу жалғасуда.
«Трансферттерді есептемегенде мемлекеттік бюджеттің кірісі 20,2 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 16,3%-ға немесе 2,8 трлн теңгеге өсті. Бұл ретте, өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдері 3 трлн теңгеге өсті, өсу қарқыны – 130,3%»,
— деп баяндады Мәди Такиев.