Қазақстанда майлы дақылдардың 5 млн тоннадан астам рекордтық өнімі күтілуде

0

Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталуға жақын: 23 млн тонна астық бастырылды, дәнді және бұршақты дақылдар алқаптарының 96%-ы жиналды. Майлы дақылдар өндірісі ерекше жоғары нәтижелерді көрсетіп отыр: бүгінгі күні өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп майлы тұқымдар жиналды.  Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады.

Вегетация кезеңіндегі күрделі климаттық жағдайларға және бидай егісінің алаңын 1,8 млн гектарға жоспарлы қысқартуға қарамастан, астықтың жалпы түсімі көпжылдық орташа деңгейден жоғары болады деп болжануда. Орташа өнімділік гектарына 15,2 центнерден құрайды. Жоғары көрсеткіштер Алматы облысында – 53 ц/га, Түркістан облысында – 25,4 ц/га, Жамбыл облысында – 22,1 ц/га, Батыс Қазақстан облысында – 21,1 ц/га және Жетісу облысында – 27,1 ц/га деңгейінде тіркелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.