2026 жылдың сегіз айында Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылды.

0

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаңа нысандардың құрылысы жалғасып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсартуға басымдық берілді. Сонымен қатар салада әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар.

Қазіргі таңда облыстың медициналық ұйымдарында 15 839 медицина қызметкері еңбек етеді. Соған қарамастан мемлекеттік медициналық ұйымдарда 100 дәрігерге қажеттілік бар. Оның 60-ы ауылдық елді мекендерге тиесілі.

Кадр тапшылығын азайту үшін жас мамандарды өңірге тарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл облысқа 287 жас маман бөлініп, оның 173-і ауылдық жерлерге бағытталды. Сегіз айда өңірге 135 медицина маманы жұмысқа келді. Жас мамандарға тұрғын үй, көтерме жәрдемақы және басқа да әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.