Астанадағы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының ұйымдастыруымен «Kazakhstan Prevention Days – 2026» ауқымды жобалар көрмесі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шарада құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және заманауи цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған 60-қа жуық инновациялық жоба таныстырылды.
Көрме Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыру аясында және Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты – құқық бұзушылықтың салдарымен күресуден гөрі оның алдын алуға басымдық беретін, ықтимал қауіп-қатерлерді ерте анықтауға негізделген заманауи қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру.