интеллект технологияларын өндірістік қызметтің негізгі бағыттарына енгізу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Технологиялық шешімдер өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жабдықтардың техникалық жай-күйін диагностикалау, энергетикалық инфрақұрылымды бақылау және электр энергиясын өндіру көлемін болжау мақсатында қолданылады.
Компания нысандарында енгізіліп жатқан шешімдердің бірі – интеллектуалды бейнебақылау жүйесі. Ол бейнекамералардан түсетін ақпаратты нақты уақыт режимінде талдап, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жүйе жеке қорғаныс құралдарынсыз жүрген қызметкерлерді, қауіпті әрекеттерді және қауіпті аймақтарға кіру жағдайларын автоматты түрде анықтайды. Бұл өндірістегі ықтимал тәуекелдерді жедел анықтап, тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.