Бүгінде осындай цифрлық технологиялар полиция қызметінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Облыста да қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау үшін заманауи жүйелер кезең-кезеңімен енгізілуде.
Облыстық полиция департаментінің цифрландыру және жасанды интеллект басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Тұрдалиевтің мәліметінше, «Кілемді бейне бақылау» жобасы аясында өңірде 91214 камера орнатылған. Оның 24488- і жедел басқару орталығы мен полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне қосылған. 2026 жылдың тоғыз айында бейне бақылау жүйелері мен ғылыми-техника лық құралдардың көмегімен 297 қылмыс ашылған.