ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК – ӘРБІР АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

0

Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Еңбекті қорғау төрт құрама бөліктерден тұрады:
1.Ұйымдық-құқықтық негіздері – еңбекті қорғаудың және ұйымдастырудың заңды және нормалық қағидаларын қарастырады.
2. Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
3. Қауіпсіздік техникасы — жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі. Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен кұралдарының жүйесі.
4. Еңбек гигиенасы — жұмысшылардың денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешенін айтамыз. Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйін айтамыз.
Ол жарақаттану, кәсіптік аурулар мен уланудың алдын-алу бойынша профилактикалық шараларды өңдеу мақсатында, адам организміне өндіріс құралдары мен қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Еңбек қорғау – өндірістік жарақат, кәсіптік ауру, апат, жарылу, өрттің мүмкін болатын себептерін анықтайды және зерттейді, және осы себептерді жою мақсатында шаралар мен талаптар жүйесін дайындайды, адамға еңбек іс-әрекетінде қауіпсіз және қолайлы жағдай жасайды. Еңбекті қорғаудың басты объектісі еңбек іс-әрекетіндегі адам болып табылады, сондықтан еңбек қорғау бойынша шараларды дайындауда көптеген ғылыми пәндердің зерттеу нәтижелері пайдаланылады. Өндірістік орта факторларының адам ағзасына зиянды әсер етуін шығару медицина және биология ғылымдарының (еңбек гигиенасы, өндірістік токсикология және т.б.) зерттеулері базасында жетуге болады.
Еңбекті қызметін тиімділеу, өнімділікті өсіру, жұмысшылардың мәдени деңгейінің өсуі, жұмыс қабілетін және еңбек қызметінің жалпы кезеңін арттыру еңбекті ғылыми ұйымдастыру нәтижесіне негізделген. Еңбек тұрмыс пен демалыстың тиімді шартын құру техникалық эстетика мен көркем құрастыру теориясы мен практикасының жетістіктерімен қамтамасыз етіледі.
Еңбек қорғаудың әдістемелік негізі травматизм мен кәсіптік ауруға әкеліп соқтыратын, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың пайда болуы және қолданылатын материалдар мен заттардың өндірістік құралдары, технологиялық және өндірістік процесстердің, еңбек шарттарын ғылыми талдау болып табылады.
Травматизмді, апатты және кәсіптік аурулар мәселелерін тек инженерлік әдіспен шешу мүмкін емес. Көбінесе травматизмнің себебі еңбектің күрделі шарттары емес, жұмыскерлер мен мамандардың төменгі біліктігі, іс-әрекетке реакцияның төмендеуі болып табылады. Мұндай жағдайда қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау мәселелері бірігіп кетеді және олардың талаптарының шекаралары жоқ. Травматизмнің өсу себебін талдау техника мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамды өндірістік жағдайлардың қауіпті және зиянды әсер етуінен қорғау бойынша ұсыныстар мен шараларды дайындаудан озық екенін көрсетеді. Еңбек қорғау мәселелеріне жүйелі көзқарас өндіріс шартында адам қауіпсіздігін өсіруге біршама әсер етуін көрсететін, барлық элементтер мен факторлардың кешенін ұсынатын, еңбек қорғау мәселелерінің нақты міндеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі.

А.ЗАУРБАЕВА, бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.