Өнердің жүзіп өріне

0

Өткен аптада Қордай аудандық Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» атты аудандық әншілер байқауы өтті.
Қордай аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен кештің мақсаты – киелі өнерімізді кеңінен насихаттап, талантты жастарымыздың шеберлігін шыңдауға ықпал ету. Елімізде ғана емес, әлем сахнасында жұлдыз болып жарқыраған ғазиз ғұмыр иесіне арналған байқауда қордайлық жас өрендер Роза Бағланованың көпке танымал әндерін орындап, әділ қазылардың ыстық ықыласына бөленді. Әншілер сайысының қорытындысы бойынша Еңбек ауылының өнерпазы Сағыныш Мырзаш бас жүлдені, Кенен ауылының өнерпазы Ақбота Ермахан 1-орынды, Гвардейск қалашығынан келген Кәусәр Құрбан мен Қарасай ауылының өнерпазы Ернұр Сапиев 2-орынды бөліссе, 3-орынды Сарыбұлақ ауылының өнерпазы Сымбат Кеңесбай мен Әлжан ана ауылының өнерпазы Мағжан Жөнербай иеленді. Жеңіс төрінен көрінген жас өнерпаздар арнайы грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.