Қазіргі уақытта Еуропа аумағында жерленген, аты-жөндері анықталған 20 мыңға жуық қазақстандық жауынгердің дерекқоры мен неміс концлагері мен әскери тұтқындар лагерінде қаза тапқан шамамен 7 000 сарбаздың тізімі қалыптастырылды.
Осыған байланысты тізімде көрсетілген Тараз қаласында туған сарбаздардың тікелей ұрпақтары мен туған-туыстары туралы білетін ақпаратыңыз болса, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігіне 8 776 828 45 35 байланыс номері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.
1. Аитбаев Дуйсенада Акбаевич
-
Туған күні: 01.01.1916
-
Туған жері: Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Чернореченская ауылы.
-
Туған өңірі: Жамбыл облысы.
-
Тұтқынға түскен күні: 07.10.1941.
-
Қаза болған күні: 29.06.1942.
-
Тұтқынға түскен жері: Вязьма.
-
Тұтқындағы жағдайы: Тұтқында қаза тапқан. Лагерь: Шталаг VI C. Лагерьдегі нөмірі: 44841.
-
Әскери атағы: Қызыл әскер жауынгері (қатардағы жауынгер).
-
Туыстары туралы мәлімет: Ағасы Айтбаев (Ақбаев), Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Чернореченская ауылында тұрған.
-
Іздеу мәртебесі: табылмаған.
2. Аитколип Султан
-
Туған күні: 1916 жыл (нақты күні көрсетілмеген).
-
Туған жері: Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ноғайбай ауылы.
-
Туған өңірі: Жамбыл облысы.
-
Тұтқынға түскен күні: көрсетілмеген.
-
Қаза болған күні: 15.06.1943.
-
Қаза болған жері: Украина КСР, Каменец-Подольск облысы, Славута ауданы, Славута қаласындағы «Славута» әскери тұтқындар лагері.
-
Қосымша мәлімет: Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ноғайбай ауылы.
-
Іздеу мәртебесі: табылмаған.
3. Бейсебеков Сатылган Бейсебекович
-
Туған күні: 05.05.1921 немесе 05.05.1922 (құжаттарда екі түрлі дата көрсетілген).
-
Туған жері: Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, 18-партсъезд атындағы колхоз.
-
Туған өңірі: Жамбыл облысы.
-
Тұтқынға түскен күні: 27.03.1943.
-
Әскери қызметтен босатылған кезеңі: 24.10.1945 — 23.11.1945.
-
Тұтқынға түскен жері: Украина КСР, Харьков облысы, Чугуев ауданы, Чугуев қаласы.
-
Тұтқындағы жағдайы: Тұтқынға түскен. Лагерь: Шталаг IV B. Лагерьдегі нөмірі: 213945.
-
Қосымша мәлімет: Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, 18-партсъезд атындағы колхоз.
-
Іздеу мәртебесі: табылмаған.
4. Бизелгалиев Гурунгали
-
Туған күні: 1921 жыл.
-
Туған жері: Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылы.
-
Туған өңірі: Жамбыл облысы.
-
Тұтқынға түскен күні: көрсетілмеген.
-
Қаза болған күні: 16.07.1943.
-
Тұтқынға түскен жері: белгісіз.
-
Тұтқындағы жағдайы: Тұтқында қаза тапқан. Қаза болған жері: Украина КСР, Каменец-Подольск облысы, Славута ауданы, Славута қаласындағы «Славута» әскери тұтқындар лагері.
-
Қосымша мәлімет: Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Күнбатыс ауылы.
-
Іздеу мәртебесі: табылмаған.