Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев параойындарда 100 метрге жүгіруден Азия рекордын жаңартқан спортшы, «Әділет» партиясының депутаты Айсұлу Сүлейменованың қайсарлығын ерекше атап өтті, деп хабарлайды
Спортшыларды марапаттау жиынында президент спорт саласы әрдайым мемлекеттің басты назарында тұратынын айтты.
«Былтыр «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға бірқатар маңызды түзету енгізілді. Мемлекеттік деңгейде басымдық берілетін спорт түрлері айқындалды. Соңғы бес жылда елімізде спорт саласын дамытуға 616 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жалпы, қазір осындай нақты шаралар өз нәтижесін беріп жатыр деуге болады», – дейді президент.