Таяуда Қазақстан медицинасы тарихында бұрын болмаған ерекше оқиға орын алды. Еліміздің онкологтары телекөпір арқылы жүргізілген робот- хирург көмегімен ұлтаралық (транснационалдық) хирургиялық ота жасауға қатысты. Бұл шара Франция, Қытай және Қазақстан онкохирургтарының дәстүрлі жылдағы конгресс SRS2025 аясында Францияның Страсбург қаласында шілденің 14-20 күндері өткен басқосуында іске асты. Қазақстандық команда құрамында Алматыдағы Онкология және радиология институтының онкохирургтары болып, робот-хирург көмегімен простатэктомия (қуық безін сылып алып тастау) отасын іске асырды. Тікелей эфир бойынша осындай жоғары технологиялық екі хирургиялық ота жасалды. Сонымен қатар бүйрек ісігіне де оның қызметін бұзбай, сәтті ота жасалды. Отаның басын профессор Випул Патель (Франция/США), ортасына келгенде профессор Сюэсун Ли (Қытай), соңғы финалын біздің онкоорталықтың урология бөлімшесінің жетекшісі Х.Т.Өмірзақов жүргізді. Барлық операция жаңа хирургиялық платформада жүргізіліп, жеңіл хирургиялық жолды қамтамасыз етіп, науқастың тез қысқа мерзімде аяғына тұрып кетуіне мүмкіншілік туғызды. ЖИ басқаратын хирургиялық роботтар жоғары дәлдікпен және аз инвазивтілікпен операция жасауға мүмкіндік берді. Бұл хирургияның сапасын арттырып, операциядан кейінгі қалпына келу уақытын қысқартуға ықпал етеді. Айтылған оталарды еліміздің онколог-дәрігерлері телемедицина арқылы көріп, алдағы күндері өздері жасауды мақсат етіп отыр.