Ауыл әлеуеті артуда

0

Ауыл әлеуеті артуда
Жұма күні аудан әкімі Мәден Мұсаев жұмыс сапарымен бірқатар ауылдарды аралады. Онда аудан басшысы кәсіпорындардың жұмысы мен ауылда атқарылған игі бастамалардың барысын бақылады.

Аудан әкімі сапарын ең әуелі Ноғайбай ауылынан бастады. Ауылдық округ әкімі Ғабиден Тулақбаев аудан басшысын ауылда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Осы ретте Мәден Тоқтарбайұлы Ноғайбай ауылдық округіне қарасты Сарыбастау ауылына ат басын бұрып, шағын ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Келесі кезекте Мәден Мұсаев Алға ауылдық округіне табан тіреді. Ауыл әкімі Берік Әбілдаевпен бірге округ аумағында орналасқан «Тас-Алға» тас зауытында болды. Кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Өндірілген өнімін үлкен қалалар мен көрші қырғыз еліне шығаратын зауыт майда тастар мен әк шығаруды жолға қойған. Зауыттағы жұмыстың барысын алға тартқан кәсіпорын өкілі Ерлан Сәттібаев алға қойған жоспарларымен бөлісті.
Осыдан кейін аудан әкімі округке қарасты Көгадыр ауылында болып, ауыл әкіміне бірқатар тапсырма бере келе, сапарын Отар ауылында жалғастырды. Мұнда ол Отар ауылы мен Гвардейский қалашығын жалғайтын жолдың жайымен танысты. Естеріңізге сала кетсек, ауыл тұрғындарының өтінішімен өткен жылы бұл жолға жөндеу жұмыстары басталған. Бүгінде нысан пайдалануға беріліп, бірен-саран жұмыстары жақын күндері аяқталатыны белгілі болды. Отар ауылынан кейін Мәден Мұсаев Кенен ауылына жол тартты. Мұнда аудан басшысын күтіп алған округ әкімі Нүркен Жаманкозев ауыз су жинайтын нысанды көрсетті. Айта кетсек, ауылға келетін су мөлшері аздық етіп, тұрғындар санаулы сағат қана су ала алады екен. Бұл бойынша Мәден Мұсаев өз ұсыныстарын айтып, құрылыс саласына жауапты орынбасары Елдос Нұралиевке тапсырма берді.
Түстен кейін аудан әкімінің жұмыс сапары Соғанды ауылында жалғасын тапты. Ауылдың аудан орталығынан шалғай орналасқанына қарамастан мұнда тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Мәселен, ауылға барар жол мен ауылішілік көшелерге түгелдей асфальт төселіп, биыл ауылға көгілдір отын кіріп, заманауи мектеп пен амбулатория, жаңа мешіт бой көтерген. Ауылдың тынысын бақылаған Мәден Тоқтарбайұлы мектепті көріп, тұрғындардың сұрауына құлақ түрді. Бұл қатарда өзеннен өтетін көпір мәселесі болды. Жағдайды көзбен көрген аудан басшысы мәселені зерделейтінін жеткізді. Осыдан кейін, жаңа жолдың жиегінде орналасқан «Қалдыбай тегі» шаруа қожалығына ат басын бұрды. Гаухарбек Мәмбетәлиев басшылық ететін шаруа қожалығы биыл қырық гектар жерге жүгері отырғызыпты. Тамшылатып суғару технологиясын барынша қолданып отырған қожалық мемлекет тарапынан берілген қолдауларға алғысын айтты.
«Сіздің қожалық тура жаңа жолдың жиегінде екен. Бұл трассамен қаншама адам өтеді, шетелдік азаматтар да көп жүреді. Сонда әп-әдемі болып сіздің жүгеріңіз жайқалып тұрса қандай керемет. Қазақ жұртының тіршілігін шетелдіктер мактанышпен айтар еді», — деген Мәден Тоқтарбайұлы шаруа қожалықтың жұмысына сәттілік тіледі.
Әкімнің сапары Сарыбұлақ ауылында жалғасып, онда аудан әкімі «Благовещенка» ЖШС-нің көктемгі дала жұмыстарымен танысты. Серіктестік басшысы Омирали Варшакидзе аудан басшысына атқарылып жатқан жұмыстар легін, мемлекет тарапынан түсіп жатқан қолдаулар мен жоспарлы жұмыстарын атап өтті. Мадияр Карабаев, Айбек Накен

Leave A Reply

Your email address will not be published.