Осы тұста Мемлкет басшысының алға қойған нақты тапсырмалары аясында руханияттың қазығына айналған кітапханаларды цифрландыруға басымдық берілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мекеменің заманауи көпфункционалды концептуалды моделін құрудың негізі болып айқындалған бағыттарының бірі – келешек ұрпаққа жеткізу мақсатта құжаттандырылған білімдер жиынтығының сақталуын қамтамасыз етілуінде негізделген кітапхананың мемориалдық функциясын атқару. Яғни, кітапхана өз қызметінде адамзат ғасырлар бойы жинаған және өңірде құрастырылып, осы аймақтың тарихи және мәдени дамуын көрсететін білімнің келешек ұрпаққа жеткізу мақсатта тиісті деңгейде сақталуы мен таратылуын қамтамасыз ету, жаңа қызмет түрлерін дамыту, мәдени және ғылыми мұраны цифрландыру арқылы білімнің жаңартылуын қамтамасыз ететін, бірегей білім тіркелген жаңа форматтағы жаңа құжат жасау, пайдаланушылардың қолжетімділігін шектетпеуге мүмкіндік беретін цифрландыру жұмыстарын жүргізу арқылы кітапхананың электрондық кітап қорын құруға бағытталған жұмыстарды жалғастыру, оның сақталуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Цифрландыру – бұл компьютерлік технология құралы мен құжаттарды алудың және сақтаудың тәсілі. Цифрлау көшірмесі дискілерде, сондай-ақ электронды дерекқорларда және электронды кітапханаларда сақталуы мүмкін. Кітапхана қорындағы құжаттардың көшірмесін жасау олардың мәңгілік болуына кепіл береді. Өйткені, әр цифрланған кітаптың қорғалған серверде, кем дегенде, бір көшірмесі болады. Және де, кітапты цифрлау — көп еңбек сіңіруді талап ететін жұмыс.