Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

0

Ауылдың әлеуетін арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу – өңірлік дамудың басты шарттары. Осы бағыттағы міндеттер Жуалы ауданының Талапты және Көлбастау ауылдарында өткен кездесулерде талқыланды. «Әділет» партиясының Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттары Болатбек Уәлихан Болатбекұлы, Кадралиев Айбек Амансейітұлы және Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы тұрғындарға 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және цифрлық даму бағытындағы басымдықтарды ортаға салды.

Болатбек Уәлихан Болатбекұлы ауылдық елді мекендерді дамытуда жол, ауызсу, газ және коммуналдық желілердің қолжетімділігі шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, инфрақұрылымдық мәселелерді жүйелі шешу ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді.

«Ауылдың дамуын тек экономикалық көрсеткіштермен өлшеуге болмайды. Ең алдымен, тұрғындардың өмір сүру жағдайы жақсаруы керек. Адамдар сапалы жолмен жүріп, таза ауызсуға қол жеткізіп, үйлеріне табиғи газдың келуін күтеді. Сондықтан бұл мәселелер өңірлік бағдарламаның маңызды басымдықтары ретінде белгіленді. 2031 жылға дейін облыста 456,5 шақырым жол инфрақұрылымын жаңарту, жергілікті жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 99 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 30 елді мекенді газдандыру және 1,2 мың шақырым су құбырын жаңғырту көзделген», — деді кандидат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.