📚 «Заңды білу – өз құқығыңды білу! Тәртіп – тәрбиенің бастауы!

0

42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінде «Заң мен тәртіп» республикалық жобасы аясында оқушыларға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және өз құқықтары мен міндеттерін білу туралы түсіндірілді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

🎯 *Мақсаты:* Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.