ТҮЙМЕКЕНТТЕ «АЛЕЛЬ-АГРО» КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

0

Байзақ ауданының әкімі Түймекент ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекендегі абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алдымен аудан басшысы ауылдық округ аумағындағы тазалық жұмыстарын аралап көріп, көшелерді абаттандыру бағытында жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге арналып салынып жатқан жаңа ойын алаңының құрылыс барысын тексерді. Нысанның сапалы салынуын қатаң бақылауда ұстап, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін ескертті.

Жұмыс сапарының соңында аудан әкімі «Алель-Агро» ЖШС-нің құрылыс алаңына барып, өндірістік нысанның жүзеге асырылу барысымен танысты. Жауапты мамандармен кездесіп, жобаның құрылыс қарқыны мен алдағы жоспарларын талқылады.

Аудан басшысы жаңа өндіріс орнының іске қосылуы жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға және өңірдің ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ инвестициялық жобаның уақтылы әрі сапалы жүзеге асуына қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.