«БОПСАЛАУ – ҚЫЛМЫС»: ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Заң және тәртіп – адал азамат тірегі» апталығы аясында 2026 жылғы 11 қарашада 9–11 сынып оқушылары арасында «Бопсалау – қылмыс» тақырыбында түсіндіру кездесуі өткізілді.

Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қ. Емберген, Қордай аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Ж. Қадырқұлов пен полиция капитаны Е. Қазақбай қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға бопсалау мен қорқытып алудың заң алдындағы жауапкершілігі, мұндай құқық бұзушылықтардың жеке адамға және қоғамға тигізетін кері әсері түсіндірілді.

Сонымен қатар жасөспірімдерге құқықтық тәртіпті сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және кез келген құқыққа қайшы әрекетке жол бермеу қажеттігі айтылды.

Мақсат – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениет пен заңға құрмет қалыптастыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.