Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев қатысты.
Жаңа орталықта тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін бірнеше қызмет көрсету аймағы ұйымдастырылған. Мұнда экспресс- қызмет көрсету, цифрлық сервистерді пайдалану, мамандардан кеңес алу және оқыту аймақтары қарастырылған. Сонымен қатар келушілерге арналған демалыс орны бар. Орталық заманауи моноблоктармен, жоғары жылдамдықтағы сканерлермен және eGov GPT жүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық панельдермен жабдықталған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтің айтуынша, жаңа орталықтың бұрынғы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан басты айырмашылығы – азаматтардың мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына басымдық берілуі.