Өзінің тарихының қысқа кезеңінде теңге уақыттың сынына да төтеп берді. Тәуелсіздіктің нышаны – теңгенің тарихына қысқаша жүгінетін болсақ, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы Президенттің 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығынан басталады. Сол кездегі ҚР Жоғарғы Кеңесінің жоспарлау-бюджет комиссиясының төрағасы Сауық Тəкежанов ұсынған «теңге» деген атау республиканың Жоғарғы Кеңесінің жəне Үкіметінің мүшелері арасындағы жабық пікірталаста көпшіліктің қолдауына ие болды.
Биыл яғни, 2025 жылғы 15 қараша күні Қазақстанның ұлттық валютасының айналымға енгеніне 32 жыл толды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. Оны айналымға енгізу еліміз үшін Тәуелсіздіктің басты қадамдарының бірі болды. Осылайша егемен Қазақстан өзінің қаржылай да тәуелсіз екенін тағы да жария етті. Әрине, қазақстандықтардың алғашқы ұлттық валютасын алғаш көргеннен бері яғни, 1993 жылғы қарашаның сол бір күнінен бері ұлттық валютамыз талай оқиғаларды бастан кешіріп, шыңдала түсті.