Ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетменшігіне қайтару жұмыстары жалғасуда

0
ауданыБүгінде өңірде пайдаланылмай жатқан және заңсыз иеленілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша нақты әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2022–2025 жылдар аралығында облыс аумағында жалпы көлемі 591,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Оның 499,9 мың гектары – жайылым, 37 мың гектары – егістік, қалғаны өзге санаттағы алқаптар. Ал биылғы жылдың жарты жылында облыста 47536,43 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл көрсеткіш Мемлекет басшысының тапсырмасының жүйелі түрде орындалып жатқанын айқын көрсетеді.

Елімізде әлі де пайдаланылмай жатқан, сондай-ақ заңнама талаптары сақталмай игеріліп жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасын тауып келеді. Ал биылғы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері мыңнан астам жоспардан тыс тексеру жүргізді, ол 1 миллион гектардан астам аумақты қамтыды. Нәтижесінде 1,3 миллион гектар ауыл шаруашылығы алқабы мемлекет меншігіне қайтарылды. Басты міндет – пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарумен шектелмей, оларды кейіннен ауыл шаруашылығы айналымына енгізу. Бұл жұмыс ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аграрлық өндірісті дамыту үшін қосымша жер ресурстарын ұсынуға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.