ТИІСТІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

0

5 мамыр күні «AMANAT» партиясынан депутат Қордай аудандық мәслихат хатшысы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, оған депутаттармен қатар аудан әкімі Мәден Мұсаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық қоғамдық кеңес төрайымы, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында депутаттар 2021 жылғы аудандық бюджеттің орындалуын қарады. Аталмыш мәселе бойынша аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Найманхан Абдрашевтың баяндамасы тыңдалып, мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшесі Эрик Құрымбаев аудандық мәслихат тұжырымдамасын ұсынды.
Содан кейін аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Амантаевтың бөлімнің аудан халқын сапалы ауыз сумен, тұрғын үймен қамту және жолдарды жөндеу мәселесі бойынша атқарған жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаевтың 2022 жылғы 26 сәуірде өткізілген шығып кеткен депутаттардың орнына аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы тыңдалып, сайланған депутаттар Мырзағали Күзербаев және Самат Аманбаев әлеуметтік-қоғамдық даму, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты комиссия құрамына енгізілді.
Сессия барысында сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізіліп, аудандық ведомствоаралық комиссия құрамы бекітілді.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.