Мемлекет басшысының ұсынысымен 2022 жылдың 5 маусымына белгіленген республикалық Референдумды насихаттау жұмыстары ауданымызда кең көлемде белең алып, Қордай ауылдық округінің штаб мүшелері адрестік түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Штаб мүшелері кездесу барысында әр азаматтың Референдумда дауыс беруі маңызды екенін тілге тиек етіп, қабылданатын Конституцияның Жаңа Қазақстан құрудағы рөлін атап өтті.
Адрестік түсіндіру тобының кезекті жиыны емен саябағында өтті. Аталған іс-шара қордайлық жастардың басын қосты. Ел алдында сөз алған топ өкілдері ел болашағы үшін жауапты шараға мейілінше назар салып, науқанға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Дәл осындай кездесу аудандық Мәдениет үйінде өтті. Мұнда адрестік түсіндіру тобының мүшелері ауыл тұрғындарымен жүздесті. Жиылғандар алдында сөз алған «Соседушки» халықтық фольклорлық ансамблінің жетекшісі Л.Харченко, «Қоғамдық келісім» КММ Қордай ауданы бойынша маманы С.Насыров пен «Орталық» БПҰ төрайымы А.Изаева Референдум маңызы жайлы сөз қозғап, жиылғандарды дауыс беруге шақырды.