Қордай аудандық ардагерлер ұйымының аудан тұрғындарын бүкілхалықтық референдумды қолдауға шақырған ҮНДЕУІ

0

Құрметті Қордайлықтар!
Еліміздің ертеңі – ұрпағымыздың болашағы үшін барша Қазақстандықтарды 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысуға шақырамыз!
Президент Қазақстан халқына жариялаған биылғы Жолдауында ауқымды саяси реформалар ұсынды. Бұл реформалар – жаңа әрі әділетті Қазақстан құру жолында жасалған ірі қадам.
Ұлт мүддесіне сай бастамаларға қолдау көрсетіп, Мемлекет басшысының саясатын қолдап, біз тұрғындарға Үндеу жариялаймыз!
Президент ұсынған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 33 өзгеріс пен толықтыру енгізілмек. Аталған өзгерістерді құқықтық тұрғыда бекіту үшін президент республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум мемлекеттің нақты өзгерістерге бет бұрғанын көрсетеді.
Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – «мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принциптің іс жүзінде орындалуының айғағы. Еліміздің ертеңі – халықтың қолында! Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрудағы мақсат, азаматтарымыздың құқығы қорғалатын мемлекетті жетілдіру, одан әрі нығайту.
Аудан ардагерлері конституциялық реформаның маңыздылығын терең түсіне отырып, референдум өткізуді түгел қолдайды!
Еліміз үшін маңызды таңдау жасаудан шет қалмай, 5 маусымда өтетін референдумға бір кісідей жұмыла қатысуға барлық аудан тұрғындарын шақырамыз!
Сіздің таңдауыңыз – сіздің болашағыңыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.