БАТЫРДЫҢ БЕЙНЕСІ МӘҢГІ ЕСТЕ

0

Гвардейск гарнизонында Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 98 жылдығы аталып өтті.

Салтанатты шарада мемлекеттік әнұран орындалып, Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ әскери қызметшілер батырдың жарқын бейнесін бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
– Сағадат Қожахметұлы бар саналы ғұмырын туған елінің қауіпсіздігі мен қорғаныс саласын нығайтуға арнаған ірі әскери қайраткер, халқының шынайы зиялысы, қадірменді үлгі тұтар ағасы болды. Батырдың жарқын бейнесі барлық қазақ елінің жүрегінде мәңгі сақталады, – деді аға лейтенант Аслан Құрмашев.
Сағадат Нұрмағамбетов 1942 жылы мектептен Қызыл Армия қатарына шақырылып, Түркменстанның Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. Оқуын бітірген соң 1943 жылдың сәуір айында майданға аттанады. 1945 жылы 27 ақпанда Польша жерінде жау қорғанысын бұзып өту кезіндегі жауынгерлік тапсырманы орындап, көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1994 жылдың 23 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен оған № 1 Халық Қаһарманы атағы мен «Алтын жұлдыз» табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.