Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев Қарақоңыз ормандарды және
жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде болып, мекеменің бүгінгі
жай-күйімен танысып қайтты.
Аудан орталығынан алпыс шақырым жердегі бұл мекеннің ауасы саф, сары алтынға бергісіз табиғаты тамаша. Әрбір бұрышы жасыл желекке оранған. Бұл аймақтың 6000 гектардан астамын ну орман алып жатыр. Онда орман алмасы, өрік, жаңғақ, долана, арша, қарағай, қайың, қарағаш сынды ағаштардың 20 түрі, өсімдіктердің 50 түрі өседі.
Орман шаруашылығы мамандарының айтуынша, мұндағы жұмыстар жүйелі түрде алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Мәселен бүгінгі күнге қылқан жапырақты ағаш көшеттерінің 13000 түп данасы отырғызылған. Ағымдағы жылдың мамыр айында 9000 дана шырша ағашы, 2000 дана қарағай, 2000 дана тұя ағаш көшеттері отырғызылып, 0,5 га жерге қарағаш тұқымы себіліпті.
Аудан әкімінің орынбасарына осындай нақты мәліметтерді жеткізген мекеме мамандары өрт қауіпсіздігі мәселесін де назардан тыс қалдырмады. «Өрт қаупі жоғары кезеңде елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптарының бірі жер жырту болып табылады. Бүгінгі күнге өрт жалақтарын өндеу жұмыстары 80 шақырымды құрайды»,-дейді орманшылар.
ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА
Prev Post
Next Post