«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Қордай ауданының бөлімінің негізгі атқаратын қызметі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына сәйкес, 15 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді және зейнетақы, жәрдемақының 42 төлем түрлері бойынша азаматтарға төлем жүргізеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылғаннан бері, яғни 2016 жылдың шілде айының 1-ші жұлдызынан бастап бір терезе қағидасы аясында барлық өтініштерді қабылдау халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімі арқылы жүзеге асырылып келеді. Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін жаңадан тағайындау үшін, зейнетақы және жәрдемақы төлемін қайта есептеуге, зейнеткерлік куәлік алуға және жеке есеп шоттары мәліметін өзгерткен жағдайларда өтінішпен қайырылған азаматтардың құжаттарының түпнұсқасынан арнайы бағдарламада сканкөшірмесін жасап, электронды өтініштерін толтырып, зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша әркеттестігі, фронт және бэк офистерінің өзара іс-қимылының регламенті бойынша жүзеге асырады. Фронт офис қабылдаған құжаттарды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №52 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес нысан бойынша қабылданған өтініштер (құжаттар) тізілімі бойынша күніне екі рет бөлімге курьерлік жеткізуді қамтамасыз етеді және ары қарай бэк офис мамандары келіп түскен құжаттар бойынша өтініштерді тіркеп, электронды іс-макетті қалыптастырып, шешім жобаларын дайындап Жамбыл облысы бойынша ЕХӘҚ және көші –қон Департаментіне бекітуге жолданып, бекітілген шешімдер бойынша күнделікті төлемдерді Орталықтандырылған деректер жиынтығы базасына енгізе отырып, зейнетақы мен жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерге сұраным қорытындысы ұйымдастырылып, әр айдың 10-ы жұлдызынан кешіктірілмей қаржыландырылып отырады.
Филиал директорының 23.01.2020 жылы №13-н/қ бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес, кесте бойынша бекітіліп берілген іс-шаралар жүзеге асырылып отырады. Бөлімде ай сайын қызметкерлер арасында жиналыс өткізіліп Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңы таныстырылып және осы Заңды бұзбау мамандарға ескертіліп отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті. Қарапайым тілмен айтатын болсақ сыбайлас жемқорлық- бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу, не беру болып табылады. Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті. Сондықтан да бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, әрбір азаматтың өз мінез-құлқын дұрыс бағытқа бұру, яғни адал еңбек етіп, адал ақша табу, сол тапқан адал табысымен өз жанұясын асырау әрбір азаматтың міндеті болуы тиіс. Сонда ғана барып қоғам дертінен айырылу мүмкіндігі басым болатындығын сеніммен айтуға болады.
Д.АМИРЕЕВ, «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлік қоғамының Жамбыл облысы
бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз
ету бойынша Қордай ауданының бөлімі басшысы