Жаз маусымындағы күннің ыстығында суға, соның ішінде шағын тоғандар мен өзен-көлдерге түсетіндердің саны артатыны белгілі. Бұл ретте шомылу орындарында болатын қайғылы оқиғалардың саны да арта түсетіні белгілі. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сол себепті қауіпті аймақта суға түсуге тыйым салынады.
Шомылу маусымында оқыс оқиғалардан туындайтын қауіптілік деңгейі жоғары дәрежеде қала береді. Бұл жерде бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігіне назар аударған жөн. Осыған байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарын, каналдар маңын аралап, тұрғындар мен балаларға арнайы жадынамалар таратуда.
СУ – ТІЛСІЗ ЖАУ
Prev Post
Next Post