СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС — ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

0

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасына қауіп-қатер туғызатын індеттердің бірі болып табылады. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жаткан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлт жанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы, тоңмойын шенеуніктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алу үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарламаның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру. Аталған бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдарының жауапкершілігін ұлғайтуға биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының бұл мәселені шешудегі әлеуметтік әріптестігіне де баса мән беріліп отыр. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты — оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.

А. СПАНДИЯР, Қордай ауданы ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.