ӘСКЕРИ ИНСТИТУТТАРҒА КУРСАНТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0

Биыл 21 шілде – 8 тамыз аралығында әскери жоғары оқу орындарына курсанттарды қабылдау жүргізіледі.

Бұл ЖОО-ларға түсу мерзімі заңмен белгіленген. Сондықтан 2022 жылғы 1 сәуірге дейін аудандық және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар азаматтардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асырады. 1 мамырда үміткерлерді алдын ала іріктеу рәсімі аяқталады. Кейін шақыру комиссиялары әскери университте оқығысы келетін үміткерлерді анықтайды.
Жергілікті әскери басқару органдарында алдын ала іріктеуден өткен азаматтар құжаттарын тапсыру үшін 15-20 шілде аралығында оқу орнына келуі керек.
Әскери институтқа түсу 4 кезеңнен тұрады:
1. Кәсіби-психологиялық іріктеу жүргізіледі;
2. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, түпкілікті медициналық куәландыру жүргізіледі;
3. Дене шынықтыру деңгейі тексеріледі.
4. 5 тамызда конкурстық іріктеу және жоғары оқу орны курсанттарының құрамына қабылдау жүргізіледі.
Қабылдау комиссиясының шешімі 6 тамызда жарияланып, әскери институттың интернет-ресурсына орналастырылады. Келесі күні апелляцияға өтініштер қабылданады. 8 тамызда әскери оқу орны басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясының соңғы шешімі бекітіледі.
Биыл Қазақстан армиясының әскери қызметшілерін шетелдік әскери оқу орындарында оқытуға іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді жаңа редакцияға сәйкес, шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарына түсу үшін іріктеу Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының бірінші курсына қабылданған әскери қызметшілер қатарынан жүзеге асырылады, — деп жазылған хабарламада.
Қазақстандағы әскери жоғары оқу орындары:
Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты (Алматы);
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Алматы);
Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты (Ақтөбе).
Айта кетейік, оқуға түскен курсанттар мүлік, тамақ, казармада тұру және ақшамен қамтамасыз етіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.