Балабақшада баланың тұлға болып қалыптасуына себеп болатын жандар жұмыс істейді. Өйткені өз ісінің нағыз майталмандары еңбек ететін мектепке дейінгі білім мекемесінен балалар өзіне қажетті адами қасиеттердің барлығын алып шығатыны сөзсіз.
Мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша алғашқы балабақшаның құрылуына 7 жыл толуына байланысты және Балалар жылының аясында 2022 жылғы 16 шілдеде «Баланың өміріндегі идеалды тәрбиешінің рөлі» тақырыбында «Керімбала» балабақшасының тәрбиешілері арасында «Үздік тәрбиеші -2022» байқауы өтті.
Байқау балаларды шығармашылыққа баулитын дарынды жас педагогтарды қолдауға, олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне, қоғамда білім берудің басымдықтарын паш етуге және педагог мамандығының мәртебесін арттыруға бағытталған.
4 кезең бойынша өткен шара барысында тәрбиешілер педагогикалық қабілеттерін, әртүрлі саладағы дарындары мен дағдыларын көрсетті.
Номинация жеңімпаздары грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.
Білім саласының ардагерлері Алик Сандыбайұлы Сейдеқожаев, Тамара Қырғызқызы Долбаева, Фатима Жұмаділқызы Байбекова тәрбиеші мамандығының маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
«Керімбала» балабақшасының ұжымы