Ақордада өткен Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласының маңызына тоқталып, жаңа Конституцияда ұлт саулығына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылғанын айтты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Президенттің сөзінше, Ата заңда денсаулық сақтау саласын дамытуға ғана емес, азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды бағыттарға да басымдық берілген.
«Мемлекетіміздің мызғымас тірегі – жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді. Біз ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.