АҚПАРАТ САЛАСЫНДАҒЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

0

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай ауданымызда БАҚ өкілдері мен сала ардагерлерінің қатысуымен мерекелік кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында аудан әкімі Бегзат Болатбековтың құттықтауын аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл жеткізіп, ақпарат саласы қызметкерлеріне ауданның қоғамдық-саяси өмірін жан-жақты насихаттауға қосып жүрген үлестері үшін алғысын білдірді.

Ауданымыздағы 94 жылдық тарихы бар «Қордай шамшырағы» қоғамдық-саяси газеті тұрғындарды сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде редакция ұжымы дәстүрлі баспасөзбен қатар, цифрлық ақпарат кеңістігінде де белсенді жұмыс жүргізіп, аудан жаңалықтарын әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихаттауда.

Сонымен қатар, республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнату арқылы аудан жетістіктерін кеңінен танытуға үлес қосып келеді. Сонымен қатар ардагердер журналистерге, аудандағы ақпарат саласында белсенділік танытып жүрген жандарға да құттыатаулар айтылып, жұмыстарына сәттілік айтылды.

Барша БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.