Биыл ел тарихында тағы бір үлкен саяси науқан – референдум өтеді. Осыған орай, жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Қордай ауданы әкімдігінде арнайы желілік кесте бекітіліп, жұмыс тобы құрылды. Құрамында аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, депутаттар мен ҮЕҰ мүшелері бар ақпараттық топ бейсенбі күні өз жұмысын бастады. Ең алдымен олар Қордай ауылында орналасқан «Ақтас» ЖШС-нің ұжымымен кездесті. Онда топ мүшелері – Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Алимхожаев пен Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Маметов серіктестік ұжымына саяси науқанның маңыздылығын түсіндіріп, Мемлекет басшысы ұсынған негізі критерийлерге жекелей тоқталды. Осы форматтағы жиындар алдағы уақытта аудандағы барлық ұжымдар мен түрлі санаттағы тұрғындар арасында өтетін болады.