АҚПАРАТТЫҚ ТОП АУДАНДА

0

5 маусым күні елімізде жалпыхалықтық Референдумның өтетіні белгілі. Онда Ата заңымызға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қазақстандықтар өз таңдауын жасамақ. Осыған орай Елордада құрылған ақпараттық топ еліміздің әр түкпірінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күні кеше ауданымызға келіп жетті.

Құрамында Мәжіліс депутаттары бар топ өкілдері бұл күні бірнеше ауылды аралап, өздерінің келудегі мақсаттарына тоқталды. Тарқата айтсақ, ҚР Мәжілісінің депутаттары Назиля Раззак, Ильяс Буларов және Гүлдара Нұрымова Ауқатты ауылдық округінде болып, тұрғындарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар турасында түсіндірді. Сондай-ақ, олар Ата заңның қазіргі және жаңа нұсқаларының айырмашылығына, саяси реформалардың өзара байланысына кеңінен тоқталды. Осы орайда суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға көшу, парламенттің рөлін күшейтіп, құзіретін кеңейту, сайлау жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша жасалған бастамаларды атап өтті.
«Сіздерді Рефендум күні ел азаматы ретінде белсенділік танытуға шақырамын. Өзгерістер ұнаған болса қолдау білдіріп өз таңдауларыңызды жасаңыздар», — деді Назиля Раззақ.
Жиын соңында ауқаттылықтар депутаттарға өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын да ала алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.