АҚЫЛ-ОЙ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

0

2022 жылдың 16-шы қарашасында Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның жылдық жоспары бойынша аудандық мектеп психологтарымен тәжірибе алмасу мақсатында «Ақыл-ой кемістігі бар балалардың психологиялық ерекшеліктері» атты семинар өткізілді.

Семинар барысында аудандық емхананың психиатр дәрігері Умарова Хадича Абдукаримқызы «Ақыл-ой кемістігі бар балалардың ерекшеліктері» тақырыбында медициналық тұрғыдан баяндама оқыды. Сонымен қатар ПМПК-ның психолог маманы Диана Оңгелді «Ақыл-ой кемістігі бар балалардың психологиялық ерекшеліктері» атты баяндама оқыды. Ал, ПМПК-ның әлеуметтік педагог маманы Ләззат Оналбекова «Ақыл-ой кемістігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және интеграциялау» атты баяндама оқыды.
Жалпы ақыл-ой кемістігі дегеніміз не? Соған тоқталып өтсек:
Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдануымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы.
Ақыл-ой кемістігінің зақымдалу деңгейіне байланысты: жеңіл, орташа және ауыр түрі анықталған. Семинар барысында ПМПК-ның психолог маманы Диана Оңгелді өз тәжірибиесімен бөлісті. Сонымен қатар арттерапия, маскатерапия, қуыршақтерапия, құмтерапия әдістерінің қолдану тәсілі мен көрнекі құралдарымен таныстырып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.